Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау обл., Ақтау қ., 24 ы/а, АҚ №2

Науқастарды қолдау қызметі:  

+7 (7292) 210655

Тіркеу бөлімі: +7 (7292) 210293

Email: omo-odb@mail.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

13.02.2019
350
16:30
Бүлдіршіннің асқазанынан батарейка алды

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері жаңаөзендік 1,5 жасар қыз баланың асқазанынан батарейка алып, өлім аузынан арашалап қалды. Анестезиология және жансақтау бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келемановтың айтуынша, бүлдіршіннің асқазанындағы батарейканы ота жасамай, арнайы аппарат арқылы алған.

Бүлдіршіннің анасының айтуынша, баласының батарейка жұтып қойғанын алғашында байқамаған. Ойын баласы қолына ұстап отырған теледидар пультінің батарейкасын жұтып қойғанымен, қақалмаған, тыныс ала алмай қиналмаған. Тек, келесі күні ішкен тамағын құса берген соң, ата-анасы ауруханаға апарып, узиға түсірген. Баланың жағдайымен танысқан жаңаөзендік дәрігерлер уақыт оздырмай облыс орталығына арнайы жолдамамен жіберген.

- Біздің ауруханаға жедел түрде әкелді, балаға наркоз беріп, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжан Сәрсенбайұлы екеуміз арнайы аппарат арқылы 56 минуттың ішінде асқазанындағы батарейканы алдық. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, үйіне шығарылды. Жалпы кез-келген үйінде кішкентай баласы бар адам майда заттар мен ойыншықтардың балаға  қаншалықты қауіпті екенін білуі керек. Баланың осындай заттарды аузына салмауын қадағалауы керек деп есептеймін. Әсіресе, күнделікті өмірде қолданатын сағатқа, плеерге, ойыншықтарға, теледидар пультіне салынатын батарейкалардан, магнит, шеге секілді өткір әрі қауіпті заттардан сақ болуымыз керек. Соңғы үш жылда балалар жұтып қойған батарейка, тиын, сүйек, сырға, шеге секілді заттар көп кездесті, мен оларды әдейі жинақтап та жүрмін,-дейдіанестезиология және жансақтау бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келеманов.

Қ. Келеманов арнайы шақыртумен Ақтау қаласына 2016 жылдың қазан айында келген. Жоғары оқу орнын елордамыз Астана қаласында тәмамдап, алғашқы еңбек жолын Қостанай қаласынан бастаған. Он жылдық тәжірибесі бар білікті дәрігер Әсел атты арумен шаңырақ көтеріп, қос ұлды тәрбиелеп отырған отбасы.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Полезная информация
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте