Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау обл., Ақтау қ., 24 ы/а, АҚ №2

Науқастарды қолдау қызметі:  

+7 (7292) 210655

Тіркеу бөлімі: +7 (7292) 210293

Email: omo-odb@mail.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

30.05.2019
92
16:14
МӘМС жүйесі кеңірек түсіндірілді

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында өткен кезекті басқосуда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кең ауқымда талқыланып, тиімді жүйенің артықшылықтары түсіндірілді. Дүниежүзіндегі көп елдерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәжірибесінің енгізіліп, жүйенің артықшылықтары әлдеқашан дәлелденіп қойғаны жайында аурухананың эпидемиолог-дәрігері Аяулым Зейнышова әңгімелеп берді.

-Аталмыш жүйені енгізген елдерде медицина саласы қазіргі таңда қарқынды дамып, халықтың өмір сүру жасының ұзақтығы 80-85 жасқа дейін ұлғайған. Сондықтан да біздің елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жүйенің артықшылықтары жөнінде жиі айтылып, халыққа түсіндірілуде. Аталмыш жүйе аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылатын болады,-дейді эпидемиолог-дәрігер Аяулым Зейнышова.

МӘМС жүйесінің Заң жобасына сәйкес, ел азаматтарына медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады. Біріншісі – базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Екіншісі – қайта құрылған медициналық сақтандыру қорынан көрсетілетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек, стационардың орнын басатын көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, жоғары технологиялық көмек.

Жалпы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады. Оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

2020 жылға дейін сақтандырылмаған азаматтарға кепілдік берілген көлемімен тегін медициналық көмек көрсету аясында амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз етілген амбулаторлық-емханалық көмек те көрсетілмек.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Полезная информация
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте