Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау обл., Ақтау қ., 24 ы/а, АҚ №2

Тел. (факс): 8 7292 210-369; 210-362 

Email: omo-odb@mail.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

04.10.2017
48
17:20
Маңғыстауда 86 бала онкологиялық аурулармен есепке алынған

Бүгінде қатерлі ісік жаһан проблемасына айналып, әлемде онкологиялық аурулар ахуалы өткір болып отыр. Біздің елімізде де жыл өткен сайын адам бойындағы қатерлі ісік түрлері көбейіп келеді. Олардың ішінде балалар арасында кездесетін қатерлі ісіктің де жыл санап көбейіп отырғаны дәрігерлер қауымын алаңдатуда. Осыған орай балалар арасындағы қатерлі ісікті ерте және дер кезінде анықтау, уақытылы ем-дом жасауды машықтандыру мақсатында облыстағы 25 дәрігердің қатысуымен арнайы оқыту курстары ұйымдастырылды. Облыстық балалар ауруханасында өтіп жатқан оқыту курсына Алматыдан келген білікті маман, педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы онкогематология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нигар Асламбекова қатысып, дәрігерлерге дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісуде.

- Балаларда кездесетін қатерлі ісіктердің алғашқы сатыларында ерте анықтау мақсатында дәрігерлерді сол аурулардың түрімен, қалай басталатыны жөнінде жалпы мағұлматпен таныстыру үшін оқыту ұйымдастырылып отыр. Балалар арасындағы кез-келген аурудың алғашқы белгісін байқаған сәттен сырқаттың алдын-алуға күш салу керек. Сонда ғана дені сау ұрпақ өсіруге мүмкіндік мол болады. Ол үшін балаларды жиі медициналық тексеруден өткізіп тұруымыз қажет. Әсіресе қан аурулары мен қатерлі ісік ауруларын болдырмау үшін дәрігерлер бар күшін салуы тиіс. Қатерлі ісік алғашқы сатыларында анықталса, баланың толық жазылып кетуіне мүмкіндік бар. Егер үлкен сатыларында болса, одан жақсы нәтиже күту қиын. Ондай жағдайда дәрі-дәрмекке жұмсалатын қаржы да, уақыт та текке кеткен болуы мүмкін. Сондықтан да дәрігерлер қауымы аты «жаман» ауруды ерте анықтауға атсалысулары керек. Жалпы Қазақстан бойынша жыл сайын 600-ге жуық бала онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауырады,-дейді педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы онкогематология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нигар Асламбекова.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының онкогематолог-дәрігері Назгүл Айсақызының айтуынша, бүгінгі таңда аймақта 86 бала онкологиялық аурулармен есепте тұр. Тарқатып айтар болсақ, лейкоздан (қан түзілу жүйесінің қатерлі ауруы)-32, бас миының қатерлі ісігінен-11, ретинобластомадан (көз торының жетілмеген эмбриональдық клеткасынан дамыған қатерлі ісік)-14, нейробластома (симпатикалық жүйке жүйесінде болатын қатерлі ісік), нефробластома (бүйректің қатерлі ісігі), гепатобластомадан (бауырдың қатерлі ісігі)-25, лимфомадан (лимфоидтық тіннің әртүрлі топтарындағы қатерлі ісік)-4 бала есепке алынған.

Жалпы оқыту курсына аймақ бойынша 25 дәрігер қатысуда. Олардың арасында мұнайшылар қаласы №1 Жаңаөзен қалалық емханасының жалпы

тәжірибелі дәрігері Айнадин Алиев та бар. Тәжірибиелі дәрігер мұндай оқыту курстарының берері көп екенін айтады.

- Бүгінгі оқыту курсынан балалар арасында кездесетін қатерлі ісікпен күресу, оны ерте анықтау бағытында көптеген жаңа мәліметтер алдым. Мұндай семинарға алғаш рет қатысып отырмын. Нигар ханымның сабақ беру тәсілі бізге ұнады, дәрістері де түсінікті тілде жазылған. Тек ғана дәріс оқып ғана қоймай, жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтарды айтып, тәжірибесімен бөлісіп, жан-жақты мәлімет берді. Аз ғана уақыттың ішінде біраз құнды мәліметтерге қанық болдық. Алған білімімізді енді жұмыс барысында пайдаланатын боламын,-деді Айнадин Алиев.

Апталық оқыту қорытындысында дәрігерлерге арнайы сертификат табысталады.


Венера МИРЛАН

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Полезная информация
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте