Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау обл., Ақтау қ., 24 ы/а, АҚ №2

Тел. (факс): 8 7292 210-369; 210-362 

Email: omo-odb@mail.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Кодекс корпоративной этики
26.03.2018
0

ШЖҚ МКК «Облыстық балалар ауруханасы» корпоративтік этикасының кодексі

Гиппократ антын, ҚР 18.09.2009ж. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларын жүзеге асыру мақсатында Облыстық балалар ауруханасыұжымымен дәрігерлік қызметкерлердің Этикалық Кодексі әзірленді, талқыланды және қабылданды.

Корпоративтік этика кодексін сақтау басшылық пен Аурухана қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Корпоративтік этика кодексі ыңғайлы жұмыс жағдайын, бірыңғай корпоративтік рух пен мәдениетті қолдауға арналған. Кодексте ұйым ішіндегі, сондай-ақ сыртқы серіктестермен қарым-қатынастар жасау үшін қажетті бірыңғай құндылықтар, этикалык қағидалар мен мінез-қылық стандарттары енгізілген.

I таpay

Жалпы ережелері

ШЖҚ МКК «Облыстық балалар ауруханасы»  дәрігері кәсіби қызметінің басты мақсаты:

Біз Облыстық балалар ауруханасының ұжымы, өзіміздің әрекетімізден балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету мен олардың өмір сапасын жоғарлатуға бағытталған игі істі көреміз.

Біздің міндетіміз – қажетсінген өз емделушіміздің денсаулығын жақсартуға өлшеусіз жоғары сападағы мол спектрлі медициналық көмек көрсету. әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділікке қол жеткізуде алға қойған мақсатымыздың тепе – теңдігін сақтауға біз қабілеттіміз. Соңғы үлгідегі жоғары технологиялық құрал- жабдықтарының біздің қызметкерлеріміздің интеллектуалды – зияткерлік шамасымен үйлесуі – біздің басты міндеттеріміздің орындалуына зор ықпалын тигізеді. 

1 бап. Балаларға уақытылы тиісті жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсету арқылы медициналық көмектің сапасынжақсарту.

Дәрігер пациенттің жынысына, жасына, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси көзқарастарына, сондай-ақ материалдық жағдайын қоса алғанда басқа да медициналық емес факторларға қарамастан шұғыл медициналық көмек көрсетуге үнемі әзір болуға міндетті.

2 бап. Дәрігерлік қызметтің басты шарты - кәсіби біліктілік.

Дәрігер медициналық көмектің сапасы білімінің үнемі жетілдірілуіне байланысты екендігін ескере отырып, өз білімін тереңдетуге белсенді тырысуы тиіс. Кәсіби біліктілік, өз қателіктерін мойындау мен түзету қабілеті ғана дәрігерге медициналық шешімдерді өз бетімен қабылдауғақұқық береді.

3 бап. Сараптамаларға, консилиумдарға, комиссияларға, кеңестерге және т.б. қатыса отырып, дәрігер өз көзқарасын анық және ашық жариялауға, өзінің пікірін қорғауға, ал өзіне қысым жасалған жағдайда - заңға және қоғамдық қорғауға жүгінуге міндетті.

4 бап. Дәрігер медициналык; көмектің сапасына жауап береді.

Дәрігер өзі көрсетіп отырған көмектің сапасы жоғары деңгейде болуына бар күшін салуы тиіс. Өзін-өзі бақылау мен өзіне талап қоюшылық - дәрігердің басты өзін-өзі бағалауы болып табылады.

2 тарау

Дәрігер және пациенттің құқықтары

1 бап. Дәрігер және пациенттің еріктілік құқығы мен жеке адамның тәуелсіздігі. Дәрігер пациенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуі тиіс. Дәрігер өз тарапынан пациентке деген дөрекілік пен ізгіліксіз қатынас, оның адами ар- намысын аяқ асты ету, сондай-ақ пациенттердің қайсыбіріне кез-келген артықшылық беруге немесе пациентті жақтырмауға жол бермеуі тиіс. Дәрігер медициналық көмекті пациент еркіндігіне барынша қысым жасамай көрсетуі тиіс, ал медициналық көрсеткіштер бойынша пациенттің жүріс-тұрысына бақылау жасауды талап ететін жағдайда медициналық қажеттілік шеңберінде араласуды қатаң шектеуі керек. Барлық қажетті диагностикалық және емдеу шаралары пациентті хабардар етіп, келісімін алғаннан соң орындалуы тиіс. Пациент немесе отбасының мүшелері оның денсаулығының мәселесін шешудебелсенді қатысуы тиіс.

Дәрігер ТМККК шеңберінде медициналық кемекті тегін керсетуі тиіс. Пациенттен заңсыз ақша талап етуге болмайды, ондай жағдайда басқару шараларын қолдану талап етіледі. Медициналық көмекті ақылы негізде керсету қатаң түрде пациенттің қалауы бойынша, ақылы қызметтер керсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Пациент-қоғам, пациент-отбасы және т.б. мүдделерінің қақтығысы туындаған кезде дәрігер пациенттің мүддесін қорғауы тиіс, егер оның мүддесін қорғау пациенттің өзіне немесе оны қоршаған адамдарға зиянын тигізбесе.

2 бап. Дәрігер және пациенттің өз денсаулығы жөнінде тиісті ақпарат алу құқығы. Дәрігер өзінің терапевтік одақтасына айналған пациентпен «терапевтік ынтымақтастықта» болуға тырыса отырып, онымен болатын қарым-қатынасты өзара сенім мен өзара жауапкершілік негізінде құруы тиіс. Пациентке түсінікті болатындай және сенімді деңгейде оның денсаулығының мәселелері туралы талқылаған, медициналық іс қимылдар жоспарын түсіндірген, қазіргі тексеру мен емдеу тәсілдерінің артықшылықтары, кемшіліктері және бағасы жөнінде мүмкіндіктерді шамадан тыс жарияламай және ықтимал асқынуларды жасырмай объективті ақпарат берген жөн. Дәрігер орындалмайтын нәрсеге уәде бермеуі және уәде бергенін орындауы тиіс.

Егер пациенттің дене және психикалық жай-күйі өзара сенім қары-қатынастарына мүмкіндік бермесе, дәрігердің пікірі бойынша пациенттіңқызметіне қатысты айтылуы тиіс. Әріптестерінің беделін түсіру арқылы өзінің жеке беделін нығайтуға тырысушылыққа жол берілмейді. Дәрігер пациенттердің мен олардың туысқандарының көзінше өзінің әріптестері жөнінде теріс пікірлердің айтылуына жол бермеуі тиіс.

Дәрігер өз әріптестерінің пациенттерін қызықтырып тартып алмауы керек. Әріптестері мен олардың жақын туысқандарына тегін медициналық көмек көрсетуді ұсыну - әдепті және ізгілікті.

4 тарау

Дәрігер және медицинаның алға дамуы

1 бап. Дәрігер өзінің қызметінде білімі мен практикалық дағдыларын үнемі арттырып отыруы тиіс. Дәрігер практикалық қызметінде ұлттық диагностика хаттамалары мен басқа да НҚА талаптарын мүлтіксіз орындауы тиіс. Дәрігер өзінің қызметінде жаңа әдістерді практикалық қолдану кезінде аса сақтылықты ұстануы қажет. Тек оқудан өткендігі жөніндегі сертификаттың болуы осы әдісті қолдануға мүмкіндік береді.

Жаңа медициналық технологиялар немесе препараттар дәрігерлік практикада медициналық қауымдастықпен мақұлданғаннан кейін ғана қолданыла алады.

Жоспарланған ғылыми зерттеулер басшылықпен келісіледі.

Дәрігер ғылымдағы жаңалықтары мен емдеудің жаңа әдістерін кәсіби емес арналар арқылы жарнамалаудан бас тартуы тиіс.

5 тарау

Этикалық кодекстің қолданылу шекарасы, оны қайта қараудың тәртібі мен оны бұзғандығы үшін жауапкершілік

1 бап. Этикалық кодекстің қолданылуы. Осы кодекс бекітілген сәттен бастап 5 жыл бойы қолданылады. Қоғам мен денсаулық сақтаудағы прогреске байланысты өзгерістер мен толықтырулар болуы ықтимал.

2 бап. Кәсіби этиканы бұзғандығы үшін жауапкершілік жарғымен айқындалады. Дәрігердің бірінші төрешісі - бұл өзінің ар-намысы. Екінші - бұл жарғы және басқа да құжаттарға сәйкес этика бұзушыны жазаға тартуға құқығы бар басшылық пен ОБА ішкі аудиті. Егер бір мезгілде этикалық нормалармен қатар ҚР қолданыстағы заңнамасы да бұзылса, онда дәрігер заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Полезная информация
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте