Ауа-тамшылы механизм арқылы берілетін, клиникасы циклді ағымымен,қызбамен,интоксикация белгілерімен,катаральды синдроммен, макулопапулезді бөртпемен және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Жұқпалы аурудың көзі-тек қана науқас адам. Ол жасырын кезеңнің соңғы 2күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4күнге дейін сыртқы ортаға қызылша вирустарын бөледі. Бөртпенің 5-ші күнінен бастап аурудың жұғу қауіпі жойылды. Инфекцияның берілу механизмі-ауа тамшылы.Ауруға жоғары қабылдаушылық тән. Контагиозды индекс бұрын 1,0болған, вакцинациядан кейін -0,1-0,2.
Ауру жыл бойы тіркелгенмен, оның өршу мерзімі қарашадан наурызға дейін байқалады.