Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау обл., Ақтау қ., 24 ы/а, АҚ №2

Тел. (факс): 8 7292 210-369; 210-362 

Email: omo-odb@mail.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі
16.05.2016
0

ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ

«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, медициналық қызметтің сапасын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ (бұдан әрі – ҚЫЗМЕТ) құрылды.

Директордың бұйрығымен ҚЫЗМЕТТІҢ құрылымы мен құрамы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес, Қызметті бас дәрігердің емдеу-профилактикалық іс жөніндегі орынбасары басқарады. Қызметтің құрамына келесі мамандар кіреді: емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметінің жетекшісі, сарапшы — дәрігерлер, эпидемиолог дәрігері, бас медбике, заңгер. Емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметінің жұмысы директор бекіткен Ережемен реттеледі.

Мақсат:

Емделушінің уақытында, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алу құқығын қамтамасыз ету;

- Емделушілер шағымдарының «осында және қазір» принципі бойынша жедел шешілуін қамтамасыз ету.

Міндет:

Аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіру.

Функциялары:

— бөлімшелер қызметінің өз үдерістерін және рәсімдерін бағалау, денсаулық сақтау аясындағы стандарттарды енгізу, ішкі индикаторларды қолдану бойынша тиімділігін талдау;

— аурухана ішіндегі комиссиялардың қызметін талдау;

— аурухана әкімшілігіне тиісті басқару шешімдерді қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпаратты ұсыну;

— қызметкерлер құрамын медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және әдістемелік көмек көрсету;

— сапаны жақсарту және емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы қызметкерлердің пікірлерін зерделеу және қызметкерлер құрамын хабардар ету;

— медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау;

— сауалнама жүргізу арқылы емделушілердің медициналық қызметтің деңгейіне және сапасына қанағат болу дәрежесі зерделеніп, емделушілердің мәселелерін (шағымдарын) олардың пайда болғанына қарай сол жерде, бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешу;

— азаматтардың тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережелерінің сақталуын бақылау.

Құрметті емделушілердің ата-аналары!

Егер Сіз:

— медициналық көмек көрсету сапасына қанағат болмасаңыз;

— медициналық қызметкерлер құрамы тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;

— тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлермен ақша талап ету деректеріне тап болсаңыз;

— сонымен қатар, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа күрделі мәселелерге тап болсаңыз, Сіздің ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқығыңыз бар.


ҚЫЗМЕТТІҢ жетекшісі — АУБЕКЕРОВА РАШИДА ГАЛИМҚЫЗЫ болып табылады.

Әкімшілік, 1 қабат, 104 кабинетсағат 08.30-дан-12.30-ға дейін, сағат 13.30-дан-17.30-ға дейін, телефоны: 210-655

Біздің ұйымда медициналық көмек алу кезінде мәселе туындаған жағдайда, Сіз жүгіне аласыз:

Бас дәрігердің емдеу-профилактикалық іс жөніндегі орынбасарына – ЕШИМОВА АЛИЯ ҚАЛДЫБАЙҚЫЗЫ

Әкімшілік, 1 қабат, 106 кабинет сағат 08.30-дан-12.30-ға дейін, сағат 13.30-дан-17.30-ға дейін, телефоны: 210-667.

Сіздің өтініштеріңізді біз Сізге ыңғайлы кез-келген түрде қабылдауға дайынбыз:

Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер арқылы

Ақтау қаласы, 26-шағын аудан, 50-ғимарат

Аурухананың сайты арқылы http://detbol.mangystau.kz

Электрондық поштамен: omo-odb@mail.ru

Сіз сенім телефондары бойынша хабарласа аласыздар. Сенім телефоны: 210-655

Әділдік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиямен және Сіздің қалауыңыз бойынша Сіздің қатысуыңызбен қаралатын болады. Емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап, белгіленген мерзімдерде жауап ұсынады.

МАңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы Маңғыстау облысында Бірыңғай ақпараттық Call-орталығы қызмет атқаратыны туралы хабарлайды. Медициналық көмек көрсету жөніндегі сұрақтарымен 30-30-60 телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Полезная информация
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте