Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау обл., Ақтау қ., 24 ы/а, АҚ №2

Тел. (факс): 8 7292 210-369; 210-362 

Email: omo-odb@mail.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Емдеуге жатқызу
16.05.2016
0

Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты – азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын, Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі жоспарлы госпитализацияның қол жетімдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Емдеуге жатқызу бюросының порталы ол – науқас адам алдағы үш күнге республиканың кез келген стационарындағы бос төсек орындар  туралы ақпарат алатын  интернет-ресурс( www.bg.eisz.kz ) болып табылады. Егер науқас дәрігерден емделуге жату үшін  код қойылған жолдама алып қойған болса (емдеуге жатқызу талоны немесе «квота»), ол республика өңірлері және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы кезек парақтарын қарап, өз кезегін қадағалай алады.

Стационарға жоспарлы түрде жатқызу тәртібі

Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу ол–көрсетілімдер (анықталған жағдайда) болған жағдайда, созылмалы аурулар және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін өмірге қауіпсіз жағдайларда дәрігердің науқас адамды емдеуге жолдауы. Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу порталы арқылы бірнеше күн ішінде науқастың медициналық ұйымды таңдауына байланысты іске асырылады.

Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу үшін қажетті жағдайлар:

1. Тіркелген мекен-жайы бойынша дәрігерге бару;

Науқас адам дәрігерге жүгінген жағдайда емдеуші дәрігер оны қарап, ауруды нақтылау үшін қажетті зерттеулерді толық көлемде өтуді жазып береді.

2. Поликлиника жағдайында минималды көлемде (қажеттілері) зерттеулерден өту.

Емдеуші дәрігер стационар бөлімшесінің меңгерушісімен бірігіп емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер анықталған жағдайда, науқас адам медициналық ұйымды таңдауы тиіс. Науқас өз таңдауын емдеуші дәрігермен келісуі қажет. Емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылданған жағдайда, дәрігер жолдаманы рәсімдейді (науқастың медициналық ұйымды таңдау бойынша шешімі міндетті түрде ескеріледі). Жолдамада емдеуге жатқызу коды мен күні көрсетіледі. Осыдан кейін науқас туралы мәліметтер Емдеуге жатқызу порталында тіркеледі. 

3. Дәрігер науқас туралы мәліметтерді емдеуге жатқызу бюросының порталына енгізіп,  науқастың қолына «Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу талонын» береді, талонда науқастың коды көрсетіледі. Осы код бойынша науқас www.bg.eisz.kz сайтында өзінің жоспарлы түрде емдеуге жатқызу кезегін бақылай алады, сондай-ақ стационардағы бос орындар туралы ақпарат алады. Мәліметтер құпия болып табылады.

4.  Порталда өтінім тіркелгеннен кейін 2 күн ішінде стационар емдеуге жоспарлы түрде жатқызу күнін белгілейді.

5.  Емдеуге жатқызу күні белгіленгеннен кейін дәрігер науқасқа жоспарлы түрде емдеуге жатқызу жолдамасын береді. Науқас жолдаманы емдеуші дәрігерге барып өзі алады немесе үйге жеткізуді сұрайды.

6.  Емдеуге жатқызуды күткен мерзімде науқас емдеуші дәрігердің бақылауында болады. Науқасты үздіксіз бақылау міндетті болып табылады.

7.  Науқас таңдалған медициналық ұйымға белгіленген күні келуге міндетті.  Аяқасты бір жағдайлар болып қалған кезде (басқа ауыр дерттің болуы, жол жүру, билеттердің болмауы т.б.) аймақтық дәрігерді уақытында хабардар ету қажет. Науқас медициналық ұйымға келмеген жағдайда өтінімнің күші жойылады.

Стационарға жоспарлы түрде жатқан кезде науқас адамның қолында келесі құжаттар болуы тиіс:

  • жеке куәлік;
  • барлық талдаулар мен диагностикалақ зерттеулердің қорытындылары;
  • емдеуге жатқызу талоны;
  • науқасты жоспарлы түрде емдеуге жатқызу үшін жолдама берген медициналық ұйым басшысының қолтаңбасы қойылған  және мөрі соғылған жолдама.

Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда емдеуге жату мүмкін емес екендігін ескерген жөн, стационар науқасты емдеу үшін қабылдамауға құқылы!

Ескерту: 

Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміндегі қызметтер тегін көрсетілуі тиіс.

Телефон нөмірлері

Өңір

Телефон нөмірі

 Республикалық емдеуге жатқызу бюросы

 +7 (7172) 476-217

  Маңғыстау облысы

 +7 (7292) 302-098



Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Полезная информация
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте